Иен даладан белгісіз азаматтың мәйіті табылды

Oinet.kz 23-10-2021 1568

Қызылорда облысында иен даладан белгісіз азаматтың денесі табылды. Ол бұған дейін із-түзсіз жоғалып кеткен С.Бегімбай болуы мүмкін деп хабарлайды Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

image.png

Құзырлы органның мәліметінше, С.Бегімбай осы жылдың 12 қыркүйегінде өз басқаруындағы жеңіл көлікпен Нұр-Сұлтан қаласынан шығып, хабар-ошарсыз кеткен.

Оның жоғалуына қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Жігіттің қайда екенін анықтау үшін жедел іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып, оған жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторларынан құрылған бірнеше мобильді топтар, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Ұлттық гвардияның сарбаздары және туған-туысқандары, жолдастары, еріктілер тартылған.

Кешенді іздестіру іс-шараларына арнайы техникалар мен тікұшақ та тартылған.

Нәтижесінде, 19 қазан күні "Қызылорда-Жезқазған" тасжолының 128-шақырымынан С. Бегімбайдың иелігінде болған жеңіл көлік пен оның жеке заттары табылып, айғақ зат ретінде алынған.

Ал 22 қазан күні сағат шамамен 13:25-те "Қызылорда-Жезқазған" тасжолының 128 шақырымынан батысқа қарай 30-40 шақырым қашықтықтағы далалық жерден белгісіз азаматтың денесі табылған.

Тергеу органы осы далалық жерден табылған белгісіз азаматтың денесі хабар-ошарсыз кеткен С.Бегімбайға тиесілі болуы мүмкін деп болжайды.

Қазіргі уақытта, оқиға болған жерде жедел тергеу тобы мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Қызылорда облысы Полиция департаменті тиісті сот-сараптамалары жүргізілгеннен кейін белгісіз азаматтың денесі нақты кімге тиесілі екені анықталатынын атап өтті.

Түркістан қаласында «Тәуелсіздік және Түркістан тарихы» атты ғылыми-тәжірибелік конференц
Тоқаев Каспий теңізін ластанудан қорғау хаттамасына қол қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу