Біртанов: «Мен мұнымен мүлдем келіспеймін»

Oinet.kz 14-09-2021 1924

Бүгін сот отырысында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 қарашаға дейін ұзартылды. Ал Біртанов өзінің Австрияда мүлкі бар деген жалған видеолар үшін полицияға шағым түсіргенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.

Елжан Біртанов.png

Біртановтың сөзінше, ол тергеу кезінде өзін жемқор ретінде көрсеткені, өзі туралы Австрияда мүлкі бар деген жалған видеолар таратылғаны үшін полицияға шағым түсірген. 

- "Шілде айының басында қаржы мониторингі агенттігінің өкілі БАҚ-қа сұқбат беріп, менің ісімнің өзгергенін, тергеу аяқталғанын айтты. Дәл сол күні БАҚ беттерінде мені кәнігі жемқор ретінде бейнелейтін Австрияда маған тиесілі сарайлар бар екені айтылған жалған роликтер шықты. Бұл тек менің және отбасымның ғана емес, жалпы мемлекет пен мемлекеттік қызметкерлердің беделіне нұқсан келтіретін өтірік.  12 шілде күні мен Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне 274-бап (Қасақана жалған ақпарат тарату) бойынша құқықбұзушылықты тергеу туралы өтінішпен жүгіндім. Содан бері үш ай өтті. Ал мен бұл арызды тіркете алмай отырмын. Неге екені белгісіз арыз қаржы мониторингі агенттігіне жолданған. Жақында ғана біз Қаржы мониторингі агенттігі бұдан қылмыс құрамын көрмегенін және істі мұрағатқа жібергенін білдік. Кейбір адамдар сот алдында менің беделімді қаскөй жемқор ретінде қалыптастыруда. Мен мұнымен мүлдем келіспеймін. Біз жалған ролик таратушыларды анықтай аламыз. Бірақ неге екені белгісіз соңғы уақытта менің құқығым ескерілмейтін болды", - деді Елжан Біртанов. 

Газды тұтынушылар, тұрмыстағы газды пайдалану ережесін сақтаңыздар!
«Қазақстандықтардың барлық деректері Ресейге қолжетімді болады»: Мусин желіде туындаған дауға пікір
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу