Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен әскери ауруханада көз жұмды (фото)

Oinet.kz 07-09-2021 6782

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен әскери қызметші ауруханада көз жұмды деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі. 

image.png

2021 жылғы 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, 1983 жылы туған капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды. Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған еді. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды. 

Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. 

Еңбекші ауданында биыл 15 ашық спорт алаңшасы салынады
«Талибан» Ауғанстан үкіметінің құрамын жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу