Бір аптада 13 адам кісі қолынан мерт болды
01-08-2022
Әлеуметтік желіде әрбір зейнеткерге 59 000 теңге мөлшерінде төлем төленуі керек екендігі туралы ақпарат тарауда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тиісті тапсырма берген-мыс. Бұл, әрине фейк, деп хабарлайды Oinet.kz.
Stop Fake бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарғанын жазды.
- Азаматтарға мұндай хабарламаларды алаяқтар жеке аккаунттар мен банктік шоттарды иемдену үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз. Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыздар. Азаматтардан фейктерге назар аудармауын және ақпаратты тек ресми дереккөздерден ғана алынған ақпаратты ғана пайдалануын сұраймыз, – деп түсіндірді ведомстводағылар.
Еңбек министрлігі көпті тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады.