Шымкентте екі жолаушы таксистті тапаншамен қорқытып, тонап кеткен

Oinet.kz 29-06-2022 646

Шымкентте екі жұмыссыз дос оңай ақша табуды көздеп, таксистке қоқан-лоққы көрсеткен. Екеуі ақылдасып, такси шақырып, адам жүрмейтін жерге дейін алып барып, оны тонауға келіскен, деп хабарлайды Oinet.kz  тілшісі "Отырар" арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_11.jpg

Күдіктілердің бірі тауып алған тапаншасын өзімен алып, такси жүргізушісін қорқытқан. Алайда межелі жерге жеткен соң, таксистің ақшасы жоқ екені анықталады. Сол күні бірінші тапсырысын алған зардап шегуші әлі ақша тауып үлгермегенін айтады. Күдіктілер оның қалтасы мен көлігін тексеріп, ақшаның жоқтығына көз жеткізеді. 

Бірақ құр қол қайтпау үшін оны ломбардқа дейін апарып, ұялы телефонын өткізуді талап етеді. Тапанша ұстаған тонаушының бірі таксистпен бірге ломбардқа кіріп, екіншісі көлікте қалады. Зардап шегушінің гаджеті 175 мың теңгеге бағаланады. Арам ойын іске асырған екі дос кейін қаланың екі шетінен түсіп қалады. Ал таксист тапсырысты аяқтаған соң, полицияға шағым түсіреді.

Еңбекші аудандық полиция бөлімшесінің ішкі құрамы күдіктілерді іздеуге толық жұмылдырылды. Полицейлер күдіктілерді бейнебақылау камералары арқылы тауып, қолға түсірді. 

Соттың шешімімен, олардың әрқайсысына үш жылға бас бостандығынан шектеу және жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекпен айналысу жазасы қолданылды. 

1 ай бұрын жоғалып кеткен 8 жасар баланың мәйіті табылды
Шымкент: Көліктік бақылау инспекциясының қызметіндегі жүйелі кемшіліктер талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу