Шымкент: Көліктік бақылау инспекциясының қызметіндегі жүйелі кемшіліктер талқыланды
Қалалық көліктік бақылау инспекциясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлескен көліктік бақылау саласындағы жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өтті.
Кездесуде аталған саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері қарастырылды.
Департамент өкілінің айтуынша, талдау нәтижелері көліктік бақылау инспекциясының қызметіндегі жүйелі кемшіліктерді анықтаған.
Шымкент қаласы бойынша аталған саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тоқтала келе, талдау барысында инспекторлар тексеру іс-шаралары кезінде бейнетіркеу тәртібін сақтамайтыны анықталғандығын жеткізді. Іс жүзінде барлық жағдайларда дерлік олар тек көлік құралын тоқтату және қажетті құжаттарды сұрау процесін тіркеген. Жетондардан бейнежазбаларды талдау барысында инспектордың ауысым ішінде тексеру әрекеттерінің 1,5 сағаттан аспайтынын көрсетті, ал кей жағдайларда жазбалар өшіріліп отырған. Бақылау процедурасының өзі бекітілмеген.
Нысаналы индикаторлар объективті емес, олардың формальды орындалуы жүк және ірі габаритті көлікке тиісті бақылауды қамтамасыз етпейді.
Статистикалық деректер артық жүк тиегені үшін бір инспекторға жүктеме - бұл 5 ауысым ішінде бар болғаны 1 әкімшілік материалды құрайтынын көрсетті. Немесе басқа да елеусіз бұзушылықтар бойынша ауысымға 1, 2 хаттама толтырылған.
Осы және өзге де анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен хабардар еткен Департамент өкілі сыртқы талдау қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуының маңыздылығына тоқталды.