Ер адам әйелін жыланмен шатастырып, темірмен ұрып тастаған
Қазан қаласында ер адам экзотикалық өрнегі бар пижама киген жұбайын жыланмен шатастырып, темір шыбықпен ұрған. Әйел ауруханаға түсті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме тастап.
"Аругменты и Факты - Казань" ақпаратынша, әйел жыланның суреті бар пижамамен ұйқыға жатқан. Аяғын көрпе астынан шығарып қойған. Сол сәтте қасындағы күйеуі оны жылан деп ойлап, темір шыбықпен бар күшімен ұрып-соққан.
Әйелдің аяғы бірнеше жерден сынды. Қазір ол ауруханада жатыр.