1 ай бұрын жоғалып кеткен 8 жасар баланың мәйіті табылды
Қостанайда бір ай бұрын жоғалып кеткен сегіз жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.
И. К. 4 маусым күні "Восток" дүкені маңында жоғалып кетті. Соңғы рет баланы "101 дүкенінен" көрген.
Баланың мәйітін еріктілер корей көпірінен бір шақырым жерден тапты. Іздеуге атсалысқан үйлестірушінің айтуынша, олар алдымен баланың аяғын байқаған. Кейін оның із-түссіз жоғалған И.К. екенін білген. Баланың жақындары мен полицейлер әзірге пікір білдірген жоқ.
Атап өтерлік жайт, бала көпірден 2,5 шақырым жерден жоғалған еді. Аталған іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.