Түркістан облысының полицейлері «Заңсыз келуші-2022» жедел-профилактикалық шарасын жүргізуде
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен 2022 жылдың маусым айының 27-і мен шілде айының 04-і күндері аралығында «Заңсыз келуші» профилактикалық шарасы жүргізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты -көші-қон заңнамасын сақтау бойынша шетелдіктер мен қабылдаушы адамдар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, заңсыз көші-қон арналарымен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар Қазақстан Республикасына келіп кетуі мен республикада болу ережелерін сақтау болып табылады.
Осы профилактикалық шараның 1 күнінде Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-тармағына сәйкес «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» 1 азаматқа, Қазақстан Республикасы аумағында заңсыз жұмыс жасауға рұқсат қағазын алмай жұмыс істеп жүрген 11 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен хаттама толтырылып, 2 азамат ҚР аумағынан аластатылды. Сонымен қатар шетел азаматының заңсыз еңбек күшін пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы «Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша 1 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл бағыттағы профилактикалық шаралар полицейлер тарапынан әлі де жалғасын таба бермек.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі