«Әрбір қазақстандыққа 125 000 теңге беріледі» - Министрлік жауап берді

Oinet.kz 23-08-2021 2988

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде әлеуметтік төлемге қатысты таралып жатқан ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Screenshot_2.jpg

"Белгілі бір сілтеме бойынша өткен Қазақстанның әрбір азаматына 125 000 теңге көлемінде әлеуметтік төлем жүзеге асырылатыны туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды жеке аккаунттар мен банктік шоттарға қол жеткізу үшін қолдануы мүмкін екенін ескертеміз. Ешқашан күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыз. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз", - дейді ведомство.

Алаяқтар азаматтарды төтенше жағдай кезінде мемлекеттен 42500 теңге алғандар ірі сомада төлем алуға үміткер бола алады деп алдауда. Ол үшін алаяқтар абоненттерден 1414 нөмірінен СМС-хабарлама ретінде келген кодты айтуды сұрайды.

Алайда "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бұл нөмірден әлеуметтік төлемдерді алу үшін қандай да бір хабарлама келетінін жоққа шығарып отыр.

Ауғанстандық танымал әнші тәліптерден қалай қашып құтылғанын айтты
Цой коронавирусқа байланысты жаңа болжамын жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу