Ауғанстандық танымал әнші тәліптерден қалай қашып құтылғанын айтты

Oinet.kz 23-08-2021 1782

Ауғанстанның танымал әншісі 36 жастағы Ариана Саид тәліптерден америкалық әскери ұшақпен қашқандар қатарында болған. Ол өзінің Instagram парақшасында ұшақ ішінде түскен суретін жария етті, деп жазады Woman Journal. 

Screenshot_8.jpgDaily Mail басылымының жазуынша, Ариана Саид Ауғанстанның танымал әншісі. 36 жастағы өнер иесінің Instagram желісінде 1,3 миллион жазылушысы бар. Ол "Голос" байқауының жергілікті нұсқасында әділ қазылар алқасы қатарында болған. Сонымен бірге, елдегі легитимділікті қолда, ашық түрде мәлімдемелер жасаған. 

Ал тәліптер Кабулды басып алғаннан кейін әнші америкалық әскери ұшақпен қашқандар қатарында болған. 

Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында ашық жазып, тіпті суреттерін де жариялаған. 

"Менде бәрі жақсы. Тірімін. Ұмытылмас үш түнді өткізіп, Катардағы Дохаға да жеттім. Енді үйіме, Стамбулға ұшамын. Үйге барып, көрген адам сенгісіз барша қиындықтарды артқа тастап, өз-өзіме келемін. Көп нәрсені әлі де айтатын боламын", - деп жазды ол.

Бейбіт Қорған әйелін дұрыс тәрбиелей алмағанын айтты
«Әрбір қазақстандыққа 125 000 теңге беріледі» - Министрлік жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу