Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды.
Сахнадан көп көріне бермейтін әнші сұхбат берді. Әнші отбасы жайында ашық айтты.
“Мен қазір әйеліммен бірге емеспін. Әйелім төркінінде. Әйелім бұрын орыс тілді қыз еді. Қазір қазақша мақалдатып сөйлейді. Бірақ мен тек тілді ғана үйретіппін. Әйелге о бастан дін, имандылық, инабаттылық туралы үйрету керек екен. Мен олай тәрбиелей алмадым. Қайын жұрттың да екі жастың арасына араласқанына қарсымын. Ата-енем өте жақсы адамдар. Мен қайын жұртымды жамандап, әйелімді жамандап отырған жоқпын. Менің де кінәм көп. Менің кінәм болған соң арада жанжал болып отыр. Бірақ қайын жұрт ерлі-зайыптының ортасына түскені дұрыс емес”, – дейді әнші.
Бейбіт Қорған өзінің мінезді адам екенін, әнші болған соң түзде көп жүретінін айтады.
“Мен өнер адамымын. Әйелім де, қайын жұртым да мұны білді. Кімге күйеуге шығып жатқанын білді. Менің мінезім бар екенін, қандай адам екенімді білді. Әнші болған соң сыртта көп жүремін. Ұшарымды сай, қонарымды жел біледі. Соған мойынсыну керек қой. Мен ешкімді жамандағым келмейді. Қалай бар солай айтамын. Жасырын өмір сүргенді ұнатпаймын. Егер әйелім төркінен келмесе, екінші әйел алатын шығармын. Басқа не істеймін?”, – дейді әнші.