«Шымкентте орыс тілін меңгергендердің үлесі 86,5 пайызды құрады»

Oinet.kz 23-08-2021 1518

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының осы жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.

Screenshot_5.jpg

Жиында басқарма басшысы Х.Есенова 6 айдың қорытындысы бойынша қаладағы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 93%, орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі 86,5%, ал ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі  22,3 пайыздық көрсеткіштерге қол жеткізгенін айтты.

Айта кетейік, Президент аппараты басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев елімізде орыс тілінің үлесі басым екенін айтқан болатын. 

- Біздің елімізде халықтың 90%-ы орыс тілін біледі деп айтуға болады. Бұл – Ресейдің өзі мен Беларусь мемлекетін қоспағанда, әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі деп санаймын. Орыстардың өздерінің халық құрылымындағы үлесі қазір 20% шамасында деп алсақ, бізде мектеп оқушыларының 30%-дан астамы орыс тілінде білім алады. Бұл тілдің қаншалықты сұранысқа ие екендігін көрсетіп тұрған жоқ па?

Қазақстанда 23 мыңнан астам орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жұмыс істейді. Бұл – Орталық Азиядағы кез келген басқа елдерге қарағанда анағұрлым көп. Сол үшін Қазақстанда орыс тілінің қысым көріп жатқандығы туралы айту – әділетсіздік, – деген болатын Дәурен Абаев.

Ауылдың баласы жанды дауыста ән айтып, тамсандырды (видео)
Бейбіт Қорған әйелін дұрыс тәрбиелей алмағанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу