Тоқаев Токио Олимпиадасының жүлдергерлерін марапаттады

Oinet.kz 13-08-2021 893

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токио-2020 ХХХII Жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін мемлекеттік наградамен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. 

Тоқаев.jpg

Сонымен президент жарлығымен дзюдодан қола медаль иеленген Елдос Сметов ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен; Ауыр атлет Зульфия Чиншанло ІІ дәрежелі "Достық" орденімен; Каратеші Дархан Асәділов, Софья Берульцева, боксшы Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, балуан Нұрислам Санаев және ауыр атлет Игорь Сон "Құрмет" орденімен марапатталды. Айта кетейік, Қазақстан Токиода өткен ХХХII Жазғы Олимпиада ойындарында 8 қола медаль еншілеп, 83-орынға тұрақтады. 

Қазақстанда жаңа қаржы вице-министрі тағайындалды
«Өзі вакцина алып, басқаларды өлімге итеріп жатыр» - Имашев шындықты айтты (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу