Тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың «Шаңырақ» бағыты арқылы баспаналы болуға мүмкіндігі бар

Oinet.kz 11-08-2021 773

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «5-10-20 Шаңырақ» бағытының талаптарына сәйкес, тұрғын үй кезегінде тіркелген төлемге қабілетті  барлық санаттағы азаматтардың өтінім жіберу мүмкіндігі қарастырылған. Аталған бағыт «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта жеңілдетілген пайыздық көрсеткішке ие.

image.png

Мұнда азаматтарға қойылатын басты талаптар - отбасының жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген шамасынан (2021 жылға - 126 917 теңге) аспауы тиіс.

Азаматтарға  жаңа  тұрғын үй сатып алуға берілетін қаражат көлемі – 15 млн теңге. Бұл сома жылдық мөлшерлемесі 5 пайыз, алғашқы жарна 10 пайызбен 20 жылға несиелік негізде рәсімделеді. Аталған бағыт бойынша өтінімдерді қабылдау «Отбасы банкі» интернет ресурстары арқылы жүргізіледі.  

Құрметті оқырмандар сіздерді 10 тамыз Абай күні – мерекесімен қала жастары шын жүректен құттықтайды!
Соңғы тәулікте коронавирустың 7 747 жағдайы тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу