Мемлекеттік қызметшілер – билік пен бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір
2021 жылғы 21 маусым күні «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының қызиметкерлері «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Кәсіптік одақтар туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің ұжымдық шарт тарауы бойынша ұжымдық шарттың тараптары, ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу тәртібі, ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы, ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері, аясы және тараптардың жауаптылығы, сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің мәртебесі мен жауапкершілігі, мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер және кәсіподақ мүшелеріне берілетін әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктер, оларды моральдық және материалдық тұрғыда ынталандыру жұмыстары, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтарын қорғауға байланысты сұрақтарына тұщымды жауаптар беріп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі ретінде атқарып жатқан жұмыстарына кеңінен тоқталды.
Ол: «Аталған мемлекеттік қызмет мәселесі ең алдымен Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиясынан бастау алып, оған байланысты заңдылықтардың қабылдануын, «Қазақстан - 2050» стратегиясының негізінде заңдылықтар одан әрі жетілдіре түсіа жатқанын, солардың бірі: меритократия қағидасын, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларын, Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталып, ол бүгінде өз жемісін беріп жатқаны, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөнінде шаралардың қабылдануын, мемлекеттік қызметтер тәжірибелері ХАБ орталығында жинақталып, оны шетелдерге тарату бойынша жұмыстар іске асырылып жатқанын, мемлекеттік қызметшілерді «А» және «Б» корпустарына бөлу және оларға қойылатын біліктілік талаптары туралы ережелер мен қағидалардың қабылдануы сияқты шаралардың жүзеге асып жатқанын, жалпы алғанда осы мемлекеттік қызметке қойылатын талаптардың жетілдірілуімен қатар, мемлекеттік қызметшілердің де деңгейі өсіп отырғанын айтуға болады.» - деп, барлық мемлекеттік қызметкерлерді «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтап, басқарманың белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар тапсырды.
Атап айтқанда: филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Сәбит Абайұлы Темірәлиев, «Құрмет грамотасымен» Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының есепке алу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Рауан Жарқынбекұлы Батырбаев, филиалдың «Алғыс хатымен» Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Талғатұлы Асқарбек және Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жарқын Кұрманбекұлы Қарабаев «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Төс белгісімен» марапатталды.
Жиын соңында басқармасының басшысы Сәбит Абайұлы Темірәлиев ұжым қызметкерлерін құттықтап, салалық кәсіподақ атына алғысын білдірді.