Бас кеңестің отырысы өтті

Oinet.kz 02-06-2021 782

Screenshot_3.jpg

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының аппарат басшысы Э.Кадралиев Бас кеңестің құрамы туралы баяндама жасады. Баяндамашының хабарлауынша, Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев бүгіннен бастап, «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы ретінде Бас кеңестің мүшелігінің құрамында жұмыс атқаратын болады.

Сондай-ақ, Бас кеңестің отырысында Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағының төрағасы, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша комиссияның төрағасы О.Ахметбаев, Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағының төрағасы, одақішілік жұмыс бойынша комиссияның төрағасы О.Бектас, Қазақстан Республикасы Кәсіподағының федерациясы төрағасының орынбасары, құқықтық қорғау және нормашығармашылық қызмет бойынша комиссияның төрайымы Г.Жұмагелдиева, «Тау-Кен металлургия Қазақ кәсіподақ металл салалық кәсіптік одағы» салалық кәсіподағының төрағасы, жұмысшылардың экономикалық құқықтарын қорғау бойынша комиссияның төрағасы А.Нұралин, ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары, қаржылық саясаты, бюджеті және активтері бойынша комиссияның төрағасы М.Тінекеев, ҚРКФ төрағасының орынбасары, ақпараттық саясат бойынша комиссияның төрағасы Н.Өтешев федерацияның Бас Кеңесі комиссияларының жұмысы туралы баяндамалары тыңдалды.

Бас кеңесте спикерлер бүгінгі таңда Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Парламенті қабырғасында қаралып жатқан бірқатар ҚР Еңбек Кодексіне енгізілетін Заң жобаларымен бөлісті.

Атап айтсақ, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Парламенті «ҚР Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс жасауды құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарастыруда.

Бұған қоса, ҚР Еңбек кодексіне «Кәсіптік одақтар туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жеке мәліметтері және оларды қорғау бойынша» бірқатар түзетулер дайындалды. Қоғамдық бақылау объектілерін кеңейтуді, кәсіподақтардың рөлін күшейтуді және қоғамдық бақылаудың жаңа түрлерін қарастыруды ұсынатын жеке деректер және оларды қорғау туралы  және т.б. түзетулер қарастырылуда.

Сонымен қатар, тағы бір жаңалықтың бірі еңбеккерлерге ереуілге байланысты кепілдіктер беретін ҚР Еңбек кодексінің 175-бабы болып табылатыны айтылды.

Айта кетейік, карантин кезеңінде COVID-19 таралуына байланысты азаматтарға шұғыл әлеуметтік көмек көрсету мәселесі ерекше өзектілікке ие болды;

Кәсіподақ мүшелеріне құқықтық кеңес беру және заң көмегін көрсету, халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық білім деңгейін арттыру, сондай-ақ дарынды жастардың кәсіби құқықтық дағдыларын арттыру да бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің қатарында.

#kasipodaqkz 

#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы

Шымкент: Ұлттық халық санағының 1-кезеңі басталды
Қалың қалай, бастауыш ұйым?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу