«Көзімнен жас бұрқ ете қалды» - Сәкен Майғазиев қызы туралы (фото)

Oinet.kz 29-03-2021 1268

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев үлкен қызы Раянаға жазба арнады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Сәкен Майғазиев пен қызы Раяна.jpg

- Үлкен қызымның сағат телефоны бар. Алыста жүрген соң халін біліп, сабақтан қаншада шығатынын, қандай баға алғанын біліп отырам. Бүгін таң ата үлкен қызым Раянам түсіме кіріпті. Сағат телефонымен маған қоңырау шалған екен деймін. Таңертең жұбайыммен телефонмен тілдестім. "Қызыңыз "Әкеме звондаңызшы" деп жылап оянды", - дейді. Көзімнен жас бұрқ ете қалды. ҚҰДАЙдың құдіреті күшті, не деген тылсым дүние деймін де, әкесі мен қызын байланыстырып тұрған. Әкесінің жан дүниесі жай таппай жүргенін сезген жүрегіңнен сенің. РАББЫМ, балапандарымды тіл, көзден аман қыла гөр - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Әншінің жазбасына желі қолданушылары ыстық лебіздерін білдіруде. 

-  "Халықтың кінәсі жоқ осындай әңгімелерді сол өз айналасындағы журналистер жасап жүр Сәкен аға аман болыңыз бұлда ұмытылар бұданда сорақы жасап жүргендер ұмытылған сіздің ақ екеніңізге барлық халық сенеді деп ойлаймын сіз сый құрметке лайықтысыз", "Сәкен аға, уайымдамаңыз! Барлығы жақсы болады! Сіздің адал азамат екеніңізді бәріміз білеміз!", "Әкеге жақын қыз қылықты болыпөседі. Алла қаласа,атына заты сай боғгай! Жұмақтың кілті сол қыздың қолында. Алла қаласа!", "Қандай маңызды мағыналы азаматсыз. Алла сізге ұзақ ғұмыр берсін. Ырзамын сіздей азаматтарға", "Ия бұл өмірде қызды тек шынайы және де ешқашан алдамайтын тек әкесі", "Алла жар болсын, бәрі жақсы болады" - деп жазды желі қолданушылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

19 жасар қызды аяусыз өлтірген қылмыскерге қандай жаза тағайындалуы мүмкін
«Ермаханның саясаттан хабары жоқ» - Мақсат Толықбай (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу