«Ермаханның саясаттан хабары жоқ» - Мақсат Толықбай (видео)

Oinet.kz 29-03-2021 3260

Белгілі журналист Мақсат Толықбай Ермахан Ибраимов туралы жеке пікірін білдірді. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты. 

Максат пен Ермахан.jpg

- Ермахан спортсмен ғой енді. Аңдамай сөйлеп, содан ол танымалдылығы үшін біраз әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Ал, енді былай қарасақ журналистер ол танымал болған соң Ермаханнан интерьвю алып отыр. Мәслихатта сол Ермахан сияқтылардың мыңы отыр ғой. Арғы жағында ештеңе жоқ шығар. Аңдамай сөйлейді, саясаттан да хабары жоқ. Бір нәрсеге көңілім қалды. Митингіге шығып, плакаттарды жырту артықтау болды. Мүмкін тапсырма берген шығар. Бірақ, енді соңғы шешімді қабылдайтын өзің ғой. Білмеймін біздікілер митингіден неге қорқатынын!? Бүкіл дамыған әлемде бар үрдіс қой. Біз әлі күнге дейін шіріген ағаштың бұтағын емдеп жүрміз. Ол тамырынан шіріген ағаш бұтағынан емделмейді, мәселеге үңілу керек қой. Халық не үшін шықты митингіге. Әкім өзі бармаса да, көмекшісін жіберсін - дейді Мақсат Толықбай. 

«Көзімнен жас бұрқ ете қалды» - Сәкен Майғазиев қызы туралы (фото)
ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев қызметінен кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу