ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев қызметінен кетті

Oinet.kz 30-03-2021 983

Сауат Мыңбаевтың кеткені рас боп шықты, деп хабарлайды Oinet.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.

Сауат Мынбаев.jpg

Өз оқырманына сілтеме жасаған басылымның дерегінше, Сауат Мыңбаев омыртқасынан алған ауыр жарақаттың салдарынан қызметтен кетуге арыз жазуға мәжбүр болған.

- "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы биыл 23 қаңтарда ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев спортпен айналысып жатқан кезде омыртқасынан жарақат алғанын, қазір ем алып жатқанын, денсаулығына еш қауіп жоқ екенін хабарлаған. Бірқатар ақпарат құралдары С.Мыңбаевты шұғыл түрде Германияның атақты "Шарите" ауруханасына жеткізгенін жазған еді.

Екі айдан астам уақыт өтсе де, С.Мыңбаев алған жарақатынан әлі айыға қоймапты.

Сауат Мұхамбетбайұлы қызметтен кетуге мәжбүр болды. Өйткені оның омыртқадан алған жарақаты тым ауыр. Әлі қозғала алмайды. Жағдайы мүшкіл. Сол себепті қызметтен кетуге арыз жазуға мәжбүр болды, – дейді оқырман.

Сауат Мұхамбетбайұлы Мыңбаев 1962 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әр жылдары түрлі лауазымды қызметтер атқарды. Қаржы вице-министрі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі, вице-премьер, Индустрия және сауда министрі, Энергетика және минералды ресурстар министрі, Мұнай және газ министрі, "ҚазМұнайГаз" ҰК басқарма төрағасы болды. Соңғы атқарған қызметі – "Қазақстан темір жолы" басшысы.

Әлгі оқырманның айтуынша, Үкімет басшысы Асқар Мамин Мыңбаевтың орнына лайықты кандидат іздеп, басы қатып жатыр.

«Ермаханның саясаттан хабары жоқ» - Мақсат Толықбай (видео)
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1445 жағдайы тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу