19 жасар қызды аяусыз өлтірген қылмыскерге қандай жаза тағайындалуы мүмкін
19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген 28 жастағы күдікті ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Oinet.kz.
Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, күдікті ауруханадан шығарылған. Ер адамға "қамауға алу" шарасын таңдалғандықтан, сотқа дейінгі тергеу кезеңінде ол абақтыда болады.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін.