Дүние жүзінде вакцина салдырған адам саны 200 миллионнан асты

Oinet.kz 23-02-2021 892

Әлемде коронавируске қарсы екпе алғандар 200 миллионнан асты. Бұл туралы «Блумберг» агенттігі мәлімдеме жасады. Қазір күніне шамамен 6 миллион доза салынады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

iH91E7CDM.jpgiH91E7CDM.jpgiH91E7CDM.jpgiH91E7CDM.jpg

Вашингтон Университетінің ғалымдары ковидтің жеңіл түрімен ауырып, жазылғандардың 30 проценті бірнеше айдан кейін індетті қайта жұқтыруы мүмкін екенін ескертті. Қазір АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны артып жатқандығын, әрқайсысын жеке жерлеуге орын табылмайтындығын жеткізеді. Мамандар біраз құрбанды бірге жерлеуге мәжбүр болған.
 - Мәйіт әкелген біраз отбасыны біз қайтарып жібердік. Себебі бізде мүлде орын жоқ. Осы жұмысты атқарып, өліммен бірге өмір сүріп келе жатқаныма 20 жылдан асты. Кейде қорқынышты фильмнің ішінде жүргендей боламын. Ал Нигерияда ауруханаларда орын жоқ. Дәрігерлер науқастарды қабылдай алмай, үйінде емдеуге мәжбүр. Ел басына күн туғанда жеке емдейтін мекемелердің саудасы қызғандай. Науқасқа үйінде қарау құны 260-тан 13 мың долларға дейін бағалануда, дейді мәйітхана директоры Джонатан Полк.


Өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына үш бөлмелі пәтер берілді
Қазақстанда өткен тәулікте 692 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу