Әкімге сұрақты Telegram-бот арқылы жібере аласыз
Құрметті облыс тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орны ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің халық алдындағы есебі 2021 жылғы 19 ақпанда сағат 11.00-де өтеді.
COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында есеп беру кездесуі онлайн-форматта өтеді.
Осыған орай, сұрақтар мен ұсыныс-пікірлеріңізді осы Telegram-ботқа жолдауға болады.