Әлия Юсупова жаңа қызметке сайланды
Әлия Жүсіпова Қазақстанның Гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды. Olympic.kz-тің хабарлауынша, басшыны сайлау федерацияның жиыны кезінде өтті.
- Бұл тағайындау мен үшін – жаңа сын, қазіргі қызметімнен қызығы кем түспейтін – жаңа кезең. Ақтоты Райымқұлова басшылық ететін Мәдениет және спорт министрлігіне сенім үшін және Үміт Болатханқызына 10 жылда атқарған жұмысы үшін алғыс білдіремін. Мен бас бапкер қызметіндегі жұмысымды жалғастырамын. Себебі жаңа тағайындау – бұл қоғамдық лауазым. Мен екеуін қатар алып жүремін. Мақсат – спортты дамыту және елге нәтиже алып келу. Алғашқы уақытта оңай болмасын түсінемін. Тәжірибе, білім, барлық күш-жігерімді спортшыларды жаттықтыруға арнаймын. Нәтижелі жұмыс жемісті болады. Федерацияға кіретін әрбір спортты дамыту және танымал ету бағытында бірге жұмыс істейміз, – деді Әлия Жүсіпова.