«Ештеңе өзгерген жоқ» - белгілі айтыскер маңызды мәселені айтты (видео)

Oinet.kz 09-02-2021 1302

Айтыскер-ақын Айбек Қалиев 2004 жылы "Жекпе-жек" айтысында Елбасыға айтқан даты туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлымен сұхбаты барысында айтты.

Елбасы мен інісі.jpg

- Бұл жерде халықтың көкейінде жүрген мәселені жоғарыдағыларға жеткізу мақсатында айтылған. Даттың үлгісінде. Ол жерде негізгі мәселе ауылдың жағдайы құрып бара жатқан. Жердің жағдайы екінші мәселе. Одан кейін  тіл мен діннің жағдайы - дейді Айбек Қалиев.

Журналистің, "2004 жылы, 17 жыл бұрын сіз айтқан даттан бері бірдеңе өзгерді ме?" - деген сауалына айтыскер өз жауабын берді.

- Өзгерген жоқ. Сол залда Елбасының інісі Болат Назарбаев отырды сол залда. Жүрсін ағамыз айтты енді Айбектің айтып жатқаны жетер енді ол кісінің құлағына. Болмаса осы Болат Назарбаев туған інісі осында отыр деп. Ол кісі ештеңе деген жоқ. Риза болып қол соғып отырды. Ол жерде жағадан алып, төске шауып айтқан жоқпын. Бірақ, жеткізу формасын қабылдадым. Осыған назар аударыңыз деген сияқты - дейді айтыскер-ақын.

Айбек Қалиев Дикий Арманмен өзін не байланыстыратынын айтты (видео)
Әлия Юсупова жаңа қызметке сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу