Айбек Қалиев Дикий Арманмен өзін не байланыстыратынын айтты (видео)

Oinet.kz 09-02-2021 1664

Белгілі айтыскер-ақын Айбек Қалиев пен Дикий Арманды не байланыстыратынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлымен сұхбаты барысында айтты.

Дикий Арман мен Айбек.jpg

- Кемесінде арнау да айтқан жоқпын. Ода да айтқан жоқпын. Мынадай болды. Біріншіден, мен Арманға барған жоқпын. Айнұр Балғынбек екеуімізді шақырды. Айтыста пәленбай жыл бірге келе жатқан әріптесі ретінде. Сосын жанұялық дос ретінде. Балғынбек екеуің лентасын қиып беріңдер деп соған шақырды. Соған барғанда таныстық Арманмен. Кемеде басында болдық, Балғынбек екеуімізді жергілікті қазақтар қонаққа шақырып, түсіп кетіп қалғанбыз. Ол жерде ештеңе айтқан жоқпыз. Біз тек қана Балғынбек екеуіміз Айнұрдың тұсаукесерінде айтыстық. Айнұр бір жағынан айтқаны. Өзімнің де көзім жетті. Арман айтыстың фанаты екен. Соның ішінде менің фанатым екен. Бүкіл айтысымды жатқа біледі. Ана жерде отырған кезде Айбек аға айтыстарыңыздан айтасыз ба деді өтініш жасап. Сосын "Балғынбек досым", "Аса қымбаттымды" айтыңызшы, "Мен қазақпынды" айтыңызшы, "Жерді сатпа, мені сатты" айтыңызшы деп өтініш жасады. Жаңағы айтқанымдай ол айтыстар есімде жоқ. Айтылған жерінде қалып қойды дедім. Сосын телефонын алып келіпті, Айбек аға менде бар деп телефонынан көрсетіп берді. Сондай жағдай. Ал, енді жұрттың бәрі "Арманның туған күніне барған екен". Бұл өзі үшінші қазанда болып отырған нәрсе ғой. Ал, Арманның туған күні тамыз айында ғой. Ал, ана жерде мынадай болды. Арманның туған күні болған уақытта бір досы қайтыс боп кетіп атап өтілмеген. Сосын достары Айнұрдың тұсаукесерінде өздері сыйлықтарын алып келіп, сол жерде өтіп кеткен туған күнімен құттықтады. Арманның туған күні деген сол. Ол отырыстың бәрі Айнұрдың шұжығының тұсаукесері - дейді Айбек Қалиев.

​Кәсіподақтар орталығының жаңа төрағалары тағайындалды
«Ештеңе өзгерген жоқ» - белгілі айтыскер маңызды мәселені айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу