«Коронавирустан соң әлемге төнер үлкен қауіп бар» - көріпкел (видео)

Oinet.kz 05-02-2021 1619

Британдық көріпкел Николас Аужула 2021 жылы болатын оқиғаларға болжам жасады. Бұл мәлімет ҚЫЗЫҚ TV ютуб каналында айтылды.

202.jpg

Николас осыдан екі жыл бұрын өзінің онлайн тікелей эфирінде әлемде ауыр дерт тарайтынын айтқан. Оның бұл болжамы расталғаннан кейін өз елінде және ағылшын елдерінде кең таныла бастады. 

Көріпкелдің айтуынша коронавирус індеті көктем айына қарай жоғала бастайды. Алайда, бір үлкен қауіп бар. Көріпкел соңғы кезде шошқа тұмауы деген болжамдардың көз алдына келіп жүргенін айтады. Николастың айтуынша ол адамдарға күтпеген жерден келеді. Миллиардтаған адам коронавирустан кейін келген соққыға дайын болмай қалуы мүмкін дейді. Бұл тек Николастың ғана көз алдына келген жоқ. Бұл туралы Ванга да айтқан болатын. 

- Менің сөзіме ешкім сенбеуі мүмкін. Бірақ, індет жағадан алғанда олар менің сөзіме сенетін болады. Көшеге наразылыққа шығатын адамдар көбейеді. Бұл екі жылдай уақытқа созылуы мүмкін. Сонымен қатар, адамдар өз елдерінен өзге елдерге көше бастайды. Бұған себеп, адамдардың жақсы өмір іздеуінде. Енді жер де жауап қайтарады. Табиғи апаттар орын алады. Адамдар қайда бас сауғаларын білмей дал болады - дейді сәуегей Николас Аужула. 


Сапарбаев жауапсыз мердігерлерге қатаң ескерту жасады
Белгілі айтыскер Тоқаевқа үлкен өтінішін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу