Белгілі айтыскер Тоқаевқа үлкен өтінішін айтты
Айтыскер Балғынбек Имашев Мемлекет басшысына үлкен өтінішін айтты. Елде қылмыс азайып, әділ сот жүйесінің орнағанын қалайтынын жеткізді. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.
- Қасым-Жомарт Тоқаевтан өтініп сұрайтыным бар. Қазақ текті халық. Осы халықты ары қарай ел боламын деген Елбасының саясатын ары қарай жүргізсеңіз, ең әуелі қылмыскерлерді тыюды, жазалауды, әділ сот жүйесін орнатуды ең бірінші қолға алсаңыз. Өйткені, Шырылдап жазықсыз түрмеге тоғытылып жатқандар да көп. Біреуге тізе батырып ел ішінде тайраңдап жүрген қылмыскерлер де көп. Осыны тыйып бастасаңыз және қарапайым халыққа жұмыс істеуге мүмкіндік берсеңіз біздің еліміз жақсы мемлекетке айналатынына күмәніміз жоқ - дейді Балғынбек Имашев.