«Қазақ билігіне Алланың бағымен келген адам» - Имашев (видео)

Oinet.kz 05-02-2021 2622

Белгілі айтыскер Балғынбек Имашев Елбасыны қазақ билігіне Алланың бағымен келген тұлға деп есептейтіндігін жеткізді. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.

Елбасы мен айтыскер ақын.jpg

- Елбасымыз жоқ жерден, тақыр жерден мемлекет құрды. Бұрынғы хандарымыздың Керей мен Жәнібектен бастап әрқайсысының өз орны бар. Бір кезде таланып, алданып, қырылған шығармыз. Бір кездері өзгелердің бодандығына өткен шығармыз. Бірақ хандарымыздың ешқайсына топырақ шашпаймыз. Әрбірі өз миссиясын орындап кетті. Елбасының ең үлкен миссиясы қазақ жерінің етек-жеңін жиып, төл теңгемізді шығарып, шегарамызды шегендеп, сыртқы саясатымызды қалыптастырды. Бір елшілік құрудың өзі оңай емес. Өзге елмен дипломатиялық қарым-қатынас құру оңай емес. Сондай алпауыт мемлекеттердің ортасында отырып, осындай Қазақстан деген мемлекетті әлемге танытқан еңбегі өлшеусіз. Осы Астананы Ақмоладан көшіріп келген еңбегіне алтыннан Сапармұрат Ниязовқа ескерткіш қойып қойды ғой, сондай ескертіш қойып қойса артықтық етпейді ғой. Сыртқы саясатта біздің Елбасымызға жететін әлемдік патшалардың лидерлердің арасынан білмеймін. Енді Назарбаевтың дәуірі бітті. Тоқаевтың дәуірі басталды деп жатырмыз. Бірақ, жалғастырамын деп айтты. Система өзгеру керек енді. Қазір көптеген адамдар наразы болып, айыптар тағып  "Шал, кет" деп жатыр. Мен ол кісіні шал емес, қазақтың мықты бір ақсақалы, қазақ билігіне Алланың бағымен келген адам. Өзінің миссиясын орындап кетті. Енді, басқа бір миссиялардың, жаңа бір белестерге шығу үшін сол кісі тек тілекші боп, кедергі келтірмеуін ғана қалар едім - дейді айтыскер-ақын. 

Белгілі айтыскер Тоқаевқа үлкен өтінішін айтты
Өмірзақ Шөкеев кәсіпкерлерге кепілдіксіз несие алудың жолын көрсетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу