«Мәди Ахметов Черчиль болмасына кім кепіл?» - Айдос Сарым (видео)

Oinet.kz 04-02-2021 2308

Белгілі саясаткер Айдос Сарым Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахметовты жақтайтындығын жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлымен сұхбаты барысында айтты.

Айдос пен Мади.jpg

- Жақтадым. Мен біріншіден ол жігітті жақсы білемін. Алматы қаласында қоғамдық кеңесте бірге жұмыс істедік. Өте белсенді, қолынан іс келетін пандемия кезінде жақсы көзге түсіп, еңбектенген жігіт. Ол жігіттің сол сөздерді қай себеппен, не себептен, қандай жағдайда айтылғанын білемін. Ол өзінің инициативасы емес шығар. Бәлкім. Ол кезде айтқан кезде жас бала. Жас кезде кім не демейді!? Кім қателеспейді, біріншіден. Екіншіден, кез келген саясаткерге сүрінуге, қателік жасауға мүмкіндік беру қажет. Енді ғана сүйегі қатып келе жатқан адамды табаласаң ертең беті кетіп қалады. Есесіне сол интернетте жастарға орын бер. Жастар келсін дегенді қайда жібереміз. Енді мына парламентте бүкіл ұрпақтың өкілі отыр. Біреуге ұнасын ұнамасын. Ең қызығы сол кеше ғана 25-30-дағы қылшылдаған қыз-жігіттер отыру керек дегендер, сол 25-30-дағы қыз-жігіттерге табалап тиісіп отыр - дейді Айдос Сарым.

Сондай-ақ, саясаткер Мәди Ахметовты болашақ Черчильге теңейтіндігін жеткізді. 

- Менің әрекетіне жұмысым жоқ. Қазіргі тіршілігін айтамын. Адамның бір кезде жасаған қателігін бетіне қайтара беру. Мысалы, Мәди Ахметов Черчиль болмасына кім кепіл? Болатын да шығар. Королевасын ол да мақтаған шығар жас кезінде. черчильдің жас кезінде көп қателігі болған. Үлкен трагедиялық қателігі де болған. Кез келген саясаткерге кем дегенде екі-үш қателік жасауға мүмкіндік беру қажет - дейді Айдос Сарым.

Белгілі кәсіпкер Тоқаевқа маңызды үндеу жолдады
Ғалымдар вакциналарды араластырып зерттемек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу