Ғалымдар вакциналарды араластырып зерттемек
Ғалымдар вакциналарды араластырып зерттемек
Ұлыбританияда ұқсас дозалары бар COVID-19 вакцинациясы бойынша әлемдегі алғашқы зерттеу басталды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бағалау жөніндегі ұлттық консорциум (NISEC) жүргізген иммундау күнтізбесінің зерттеуі екі дозалы вакцинация схемалары үшін әртүрлі вакцинаны қолдану қауіпсіздігін қарастырады. Мысалы бірінші доза үшін Оксфорд университеті /AstraZeneca вакциналары болса, екінші доза үшін Pfizer/BioNTech вакциналары қолданылады.
"COVID-19 Heterologous Prime Boost" немесе "Com-Cov" деп аталатын 13 айға созылған зерттеу аясында ғалымдар әртүрлі дозалау режимінің Англия қалаларындағы соның ішінде Лондон, Бирмингем және Ливерпульдегі 800-ден аса пациенттің иммундық жауаптарының әсерін бақылайды.
Экспериментті зерттеу этикасы жөніндегі комитет, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық мақсаттардағы тауарларды реттеу агенттігі мақұлдады. Егер сынақтар жақсы нәтижелер көрсетсе, онда үкімет вакцинация схемасын қайта қарауды жоспарлап отыр. Ол қазір бірдей вакциналардың дозаларын ғана қарастырады. Алғашқы нәтижелер 2021 жылдың жазында жарияланады деп жоспарлануда.