Түркістанда 500 адамдық көкпар өтті
Түркістан облысының тұрғыны 500 адамға арнап көкпар ұйымдастырды, деп хабарлайды Oinet.kz.
Рейд кезінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері көкпар ойыны өтіп жатқанын анықтаған болатын.
Тәртіп сақшылары ойынды тоқтатып, көкпаршылар мен Түркістан халқына карантин режимін бұзуға жол бермеу керектігін айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналған қауымды үйлеріне тарқатты.
Көкпар ұйымдастырушыларына қатысты ӘҚБТК-нің 425-бабына сәйкес "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу" бойынша жиналған материалдар СЭҚ-ға жіберілді. Тексеру нәтижесінде тиісті заңды шешім шығарылады деп күтілуде.