Белгілі кәсіпкер Тоқаевқа маңызды үндеу жолдады

Oinet.kz 04-02-2021 1576

Қазақстандық белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергенов елімізде кең белең алған онлайн-казинолардың жабылуын талап етуде. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Кайрат Кудайбергенов.jpg

- Петицияға тіркеліп, «Онлайн Казиноға» «жоқ» деңіз! Елге сіздің дауысыңыз бен қолтаңбаңыз қажет!

Достар! Онлайн-казинолардың ұятсыздығы тым шектен шығып барады. Олар Қазақстан жастарын өз желілеріне тартуды жалғастыруда. Жеке адамдар мен отбасыларды құртып, тәжірибесіз жастарды өзін-өзі өлтіруге итермелеуде. Сонымен қатар, олар отбасылық бюджеттерден игі істерге жұмсалатын соңғы ақшаларын сорып алуда. Олардың агрессивті жарнамалары бүкіл Қазнетті толтырды, олардың плакаттары мен билбордтары букмекерлер атын жамылып, қалаларымыздың басты көшелерінде орналастырылды. Сондай-ақ, олар кинотеатрлар мен спорттық шараларға демеушілік жасауда. 

Шетелдік онлайн ойын мекемелерінің заңсыздығына жол беру мүмкін емес. Өйткені олар Қазақстанның экономикалық жағдайына, ұлттық қауіпсіздігі мен генофондына тікелей қауіп төндіруде. 

Онлайн-казино Қазақстаннан бір жыл ішінде ең жоғары мөлшерде 3 триллионнан астам қаржы жинаған. 

Біз Қазақстандағы заңсыз онлайн-казиноларды жабу бойынша шаралар қабылдау туралы талаппен Конституцияның кепілгеріне жүгінеміз, өйткені олардың қызметіне Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңымен тікелей тыйым салынған.

Мемлекет басшысы біздің үндеуімізге жауап береді деп сенеміз, өйткені ол 2020 жылғы қыркүйектегі жолдауында: «Әлеуметтік желілердің арқасында жер-жердегі проблемалар өз шешімін тауып келеді.  Біз азаматтарға реформалар мен ұсыныстарды бастауы үшін онлайн-өтініштердің бірыңғай заңды институтын құруымыз керек» - деген болатын.  Парламенттің жаңа мәжілісі депутаттарынан Қазақстан Республикасының заңдарына тиісті түзетулерді тез арада қабылдауын және шетелдік онлайн-казинолардың заңсыз әрекеттерін тоқтатуды талап етеміз!

Біздің үндеуіміз адресаттарға жетуі үшін СІЗДІҢ ҚОЛТАҢБАҢЫЗ КЕРЕК!

Петицияға қол қойыңыз, ЖОҚ! Онлайн-казино! - деді Қайрат Құдайбергенов. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қайрат Құдайберген (@kudaibergen_kairat)

Мемлекет басшысының жаңа кеңесшісі тағайындалды
«Мәди Ахметов Черчиль болмасына кім кепіл?» - Айдос Сарым (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу