«Балалар жалынның ішінде өлмеуі керек» - белгілі кәсіпкер (фото)
Белгілі кәсәпкер Қайрат Құдайбергенов өрт және газ шығуы салдарынан қаза болған балалардың санын бұдан әрі арттырмауымыз тиіс деп дабыл қақты. Ол үшін Үкімет тиісті шара көруі тиіс деп есептейтіндігін жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Балалар өлмесін.
Достар! Небәрі екі айдың ішінде елде екі бірдей сұмдық оқиға орын алды. Жаңатас пен Түркістанда тоғыз бала өрттен және көміртегі тотығынан қайтыс болды!
Дінімізде осы кішкентай періштелердің жаны жәннатқа кетеді дейді. Бірақ бұл мына өмірді сүріп жүрген біз үшін оңай емес? Енді кез-келген уақытта біздің қуанышымыз бен үмітімізге айналған әрбір бала тірідей өртенуі мүмкін, ал біз мұндай қиын-қастау кезеңде тыныш ұйықтай аламыз ба?
Өткен жылдың 9 айында республика бойынша 1300 өрт болды, көбінесе кедей отбасыларда. Жылу жүйесін ретке келтіруге қаржылық мүмкіндіктері жоқ жерлерде. Мұндай отбасыдағы ата-аналар балалары қатарынан қалмас үшін күндіз-түні жұмыс істеуге мәжбүр болатын шағын кеңістікте өмір сүреді. Олар өрт қауіпсіздігі туралы ойланбайды, олардың алдында басты міндет тұр - ол қатыгез әлемде өмір сүру керек.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық үйлері тіркелген деп сендіреді. Сонымен бірге 140 мың үйде екі жүз мыңнан астам өрт қауіпсіздігін бұзушылықтар анықталды!
Ойланыңыз! Күн сайын және әр түнде адам өліміне әкеліп соқтыратын және адамдардың өмірін тоқтата алатын 140 мың үй!
Біз бұл жағдайға шыдай алмаймыз және шыдамауымыз керек. Мен құқық қорғау органдарынан адам өліміне әкеліп соқтырған өрт оқиғаларын жедел тергеуді және барлық кінәлі шенеуніктерді қатаң жазалауды талап етемін!
Жаңа құрамдағы Мәжіліс осы бағытта жаңа заңдар қабылдау үшін тез комиссия құруы керек!
Бұл заңдарда өрт қауіпсіздігі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың рөлі, олардың Төтенше жағдайлар министрлігімен және мәслихаттармен өзара әрекеті айқын көрсетілуі керек. Барлық елді мекендерде заманауи құралдармен жабдықталған өрт посттары болуы керек. Сондай-ақ барлық ғимараттар мен үйлерді газ бен жану өнімдерінің қауіпті концентрациясын анықтайтын датчиктермен қамтамасыз ету үшін жаңа Жол картасы жасалуы керек. Табысы төмен адамдар үшін сенсорларды орнату ақысыз болуы керек!
Балалар жалынның ішінде өлмеуі керек! - деп жазды кәсіпкер.