«Өсек пен төсектен аса алмайтын бағдарлама» - желі қолданушысы
Соңғы уақытта белгілі тележүргізуші Дина Төлепбергеннің "Астарлы ақиқат" бағдарламасы ел арасында дауға ілігуде. Бағдарламаның жабылуын қалайтын көпшілік түрліше пікірлерін жаудыруда. Солардың бірі Сауытбек Сейсенбаев есімді Facebook желісінің қолданушысы.
Оның сөзінше, өсек пен төсектен аспайтын, қоғамдық-саяси маңызы бар мәселерді көтере алмайтын бағдарламаны жабу тиіс деп санайды.
- "Астарлы ақиқат" жүргізушісі Дина Төлепберген бағдарламасына базардағы әйелдердің өсектері сияқты, жиіркенішті темаларды әдейі шығарып жүрген деген ой келеді. "Астарлы ақиқат" тәлім - тәрбиесі жоқ, өсек пен төсектен аса алмайтын, қазақтың рухани қаңғыруына жол ашып отырған бағдарлама болуына Динаның еңбегі зор. Басқа тақырып жоқпа!? Әлде жемқорларды әшкерелеу, биліктің халыққа істеп жатқан қоқан-лоқы тірліктері туралы шығаруға қорқасыз ба? Бүгін өткендегі киноның жалғасын көрсетпекші - дейді желі қолданушысы.