Аида Балаева: «Астарлы ақиқат», «Қалаулым», «QosLike» жабылады

Oinet.kz 27-05-2021 11420

Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық ақ пен қараны ажырата білсе, рейтинг қуған бағдарламалар жабылатынын жеткізді. Бұл туралы министр орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы халық алдындағы есеп беру кезінде айтты.

Аида Балаева.jpg

Оның сөзінше, министрлік кез келген бағдарламаны қалаған кезде жауып тастай алмайды.

- Ақпарат министрлігінің кез келген ұнамаған бағдарламаны жауып тастауға құзыреті жоқ. Заң бар, ал QosLike сияқты бағдарламалар жекеменшік БАҚ-тарда жүргізіліп жатыр. Қоғам тарапынан наразылық болғаннан кейін біз олармен сөйлесіп, нақты өз ұсыныстарымызды бердік. Ондай бағдарламалардың тағдыры рейтингке байланысты. Қоғамның бір бөлігі оларға наразы болса, екінші бөлігі соны өліп-тіріліп қарайды. "Астарлы ақиқат", "Қалаулым" деген бағдарламалар рейтингтің ең басында тұрғандар. Демек, сұраныс бар, халық көретін болған соң БАҚ-тың иесі ешқашан ол бағдарламаларды жаппайды, - деді министр.

Сонымен қатар, Балаева БАҚ қызметкерлерін халықтың талғамын көтеруде жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

- Менің ойымша, министрлік те, БАҚ та бір мақсатқа жұмылып, қоянқолтық жұмыс істеуі керек - халықтың мәдениеті мен талғамын көтеруге. Егер бұл мәселенің барлығы дұрыс жолға қойылса, халық ақ пен қараны ажырата білсе, сонда ғана мұндай бағдарламалардың рейтингі төмендеп, жабылады. Осы орайда бірге жұмыс істеуге дайынбыз - деді министр.

Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар өсімі байқалды
Түркістан: Жетісайлық депутат спорт алаңшасын салып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу