Балғынбек Имашев билік басындағыларға видеоүндеу жасады (видео)

Oinet.kz 03-02-2021 1074

Белгілі айтыскер-ақын Балғынбек Имашев қазіргі таңда қоғамда өзекті мәселеге айналған вакцинация туралы сөз қозғады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтты.

Балғынбек Имашевв.jpg

- Адамдарды Алла Тағала ұлттар мен ұлыстарға бөлген. Енді Әлемдік күштер күштеп вакцина салдыру үшін бізді әр түске топтайтын болыпты. Екпе ектіргендер Жасыл. Екпе екпегендер Қызыл. Одан бөлек түстер де бар ПЦР тест тапсырғандар, ауырып айыққандар т.б. Яғни, Жасылдарға бәрі рұқсат! Қызылдарға кейбір жерлерге рұқсат жоқ. Бұл мәжбүрлемей-ақ мәжбүрлеу ғой. Мен жазда ауырып шықтым. Енді маған екпе егу керек емес. Керек болса да екпес едім. Тағдырымды вакцинаға емес, Аллаға тапсырдым. Алла Ұлық. Шайтанға құлдық жасағандар, Алладан басқа қожайыны бар жандар, менен аулақ жүріңіздер! Екпең де, өкпең де өзіңе! - деді айтыскер.

Сонымен қатар, ол пандемияның өршуі мен вакцинацияға өзінің жалынды жыр жолдарын арнады. 

- Көріңіз, міндетті түрде! Табылдың әніне салу керек болды

Пандемия дегенше, пәле мида, десеңші.

Көтермесін ел еңсе, және қина, десеңші.

7 миллиард адамзат жер бетіне сыймайды.

Жоқ дегенде жойылсын, половина, десеңші.

Маска киген бар халық, Ноқта киді десеңші.

Көбелектей алданып, шоққа күйді десеңші.

Қайғы әкеліп қоғамға, жаңа шыққан әрбір заң,

Майды әкеліп лаулаған отқа құйды десеңші.

Кедейлердің барлығын, Жек көреміз, десеңші.

Мәжбүрлеусіз әр бірін, Екпе егеміз, десеңші.

Салдырмасақ Екпені, Еркін жүріп тұра алмай,

Азаматтық құқықтан шектелеміз, десеңші.

Аллаға емес Ақшаға табынамыз, десеңші.

Шайтан барда құдайды, нағыламыз, десеңші.

Қарсы шықсақ Террорист, Сеператор атанып,

Тоғытылып түрмеге жабыламыз, десеңші.

Түске бөліп құқыққа, қол саламыз десеңші,

Қызыл болсақ жасылға тамсанамыз, десеңші.

Үлкен, кіші, кәріге, QR-кодды міндеттеп,

Мал құсатып бәріне, Ен саламыз десеңші.

Сиыр жылы дегенше Вакцина жыл, десеңші,

QR кодды қаласаң, Каспиға кір, десеңші.

Қожасы жоқ Қой дейтін, балгері бар Цой дейтін,

Біздің билік розовый очкида жүр, десеңші - дейді Балғынбек Имашев. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Балғынбек Имаш (@balgynbek_official)

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Балғынбек Имаш (@balgynbek_official)

Дариға Назарбаева қандай вакцина салдыратынын айтты
«Өсек пен төсектен аса алмайтын бағдарлама» - желі қолданушысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу