Дариға Назарбаева қандай вакцина салдыратынын айтты
Парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Oinet.kz Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.
- Міндетті түрде салдырамын. Сіздерге де кеңес беремін, - дейді депутат.
Сонымен бірге ол қандай вакцина салдыратынын да айтты.
- Әрине, Спутник. Отандық вакцина әлі тіркелген жоқ қой, - дейді Дариға Назарбаева.