Танымал саясаткер Дариғаны әкесінің қызы болғаны үшін жазалау дұрыс емес екенін айтты

Oinet.kz 18-02-2022 3395

Жыл басында орын алған оқиғадан халық есеңгіреп қалды. «Қаңтар қасіретінде» қаза болғандарды еске алу үшін Алматыдағы Республика алаңында митинг өтті. Жиналғандар «Халық террорист емес» деп жазылған пллакат ұстаған. Саясат сахнасындағы қазіргі беталыс туралы не айтуға болады? Осы орайда саясаттанушы Дос Көшіммен Oinet.kz тілшісі әңгімелесіп, біршама жайттарға  талдау жасады.

Screenshot_4.jpg

– Назарбаевтың туыстары, тіпті құдаларына дейін жұмыстан кетіп жатыр. Дариға Назарбаева депутаттықтан неге кетпей жүр?

– Назарбаев депутаттыққа Дариғаны ғана қойды, ал басқа депутаттар әділ сайлау арқылы Парламентке келді десек – өтірікші болар едік. Осы жерде «Неге Дариға ғана отставкаға кетуі керек?» деген заңды сұрақ туады. Назарбаевтың қызы болғаны үшін бе?  Кешіріңіз, бұл 37-жылдардағы халық жауы болғандардың әйелдері мен балалары, туған-туысқандарының түрмеге қамалғанын есімізге түсірмейді ме? Қылмыскер болса, немесе заңды бұзатын іс-әрекет жасаса, ол әрекеттері сотта дәлелденіп, мойнына қойылса, жазаға тартылу керек. Ал қылмысы болмаса, дәлелденбесе, тек Назарбаевтың қызы болғаны үшін жазалануы – кек алудың көрінісі сияқты, - деді Дос Көшім.

Берік Бекжанов: Парламентті таратқанша жұмыстың бағытын өзгерту керек
Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Шухрат Данбай ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу