Берік Бекжанов: Парламентті таратқанша жұмыстың бағытын өзгерту керек

Oinet.kz 18-02-2022 1080


Сауалнама:  

1. Мәжіліс пен мәслихатты таратып жіберу керек деген пікірге не айтасыз?  

2. Жаңа депкорпус  қандай жүйемен жасақталуы тиіс?

Screenshot_6.jpg

Берік Бекжанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

1.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәжіліс және мәслихат депутаттары сайланғаннан кейін, белгілі бір мерзімі бар. Ол заңнамамен бекітілген. Мәжіліс және мәслихат депутаттарының өз деңгейіне сәйкес тиісті құқықтары мен міндеттері бар. Мысалыы, Мәжіліс депутаттарының негізгі жұмысы – елімізде  болып жатқан экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістерді заңнамамен  қамтамасыз етуі. Сонымен қатар жалпы халықтың тұрмысын бағыттауға арналған өңірлермен тікелей байланыс арқылы халықтың сайлаушылармен өтініштерін , ұсыныстарын, талаптарын қанағаттандырумен айналысады. Яғни бұл әрекеттің бәрі де заң аясында болуы тиіс. Тарату мәселесіне келетін болсақ, мәселе таратуда емес, жалпы жұмыстың бағытын өзгерту керек шығар. Қаңтар оқиғасынан кейін президент халықта қордаланған мәселелерді өзі көтеріп жатыр. Шыны керек. Ал енді істі жүзеге асыруда депутаттардың әрекетін өзгерту – толыққанды қажет деп есептеймін. 

2.Бұл мәселе қазір туындаған жоқ. Бұл сұрақтың жауабы менде әлі толық қалыптаспаған. Десек те мажоритарлық және пропорционал сайлау жүйесін алып қарастырсақ, пропорционал жүйе – әділетті. 

Жанысбек Өтеген: Халық қазір партияларға сенуден қалды
Танымал саясаткер Дариғаны әкесінің қызы болғаны үшін жазалау дұрыс емес екенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу