Жанысбек Өтеген: Халық қазір партияларға сенуден қалды
Сауалнама:
1. Мәжіліс пен мәслихатты таратып жіберу керек деген пікірге не айтасыз?
2. Жаңа депкорпус қандай жүйемен жасақталуы тиіс?
Жанысбек Өтеген, қоғам белсендісі:
1. Қазір еліміздегі парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарының басым бөлігі – «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Сайлаудың қалай өткені де белгілі. Президент көп партиялы парламентті қолдап жатыр. Барыс жылы саяси-әлеуметтік жағдайлардың ушығуымен басталды. Бұл жағдайға жетекші партия «Нұр Отанның» да қатысы бар. Сондықтан таратылғаны дұрыс деп есептеймін. Сайлау және сайлану құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының ең басты құқығы. Ол әлемдік норма. Ал қазір жекелей азаматтардың сайлануға құқығы жоқ. Партияның мүшелері ғана сайланып, өзге адамдар тек дауыс бере алатындығы – дұрыс емес. Сайлау туралы заң бұрмаланғандай. Президент өзгеріс жасауға бет бұрғанда осы мәселені назарда ұстайды деген сенімдемін.
2. Барлығын халық сайлаған дұрыс. Халықтың таңдау құқығы сақталуы шарт. Халық қазір партияларға сенуден қалды. «Нұр Отанның» беделіне нұқсан келді. Жеке азаматтар баяғыдай өз кандидатурасын ұсына алуы шарт. Немесе жаңа саяси партияларды ащылуына мүмкіндіктер кеңеюі тиіс. Менің пікірімше, жартылай партиялық тізіммен, жартылай жеке аймақтардан сайланатын азаматтарға мүмкіндік беру керек. Сол – әділдік. Ассамблеядан парламент депуттаттары сайланғаны дұрыс емес.