Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Шухрат Данбай ұсталды

Oinet.kz 20-02-2022 721

620e12aa2c310584225766.jpg

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігі облыстық депаратменттің оған қатысты сотқа дейінгі тергеудің жүргізіп жатқанын хабарлады деп жазады nur.kz. 

"Агенттіктің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Ш.А. Данбайға қатысты ҚР ҚК-ның 189-бабының 4-бөлімі 2-тармағымен, яғни Атырау МӨЗ-на қажетті құрылғы алуға бөлінген ақша қаражатын жымқыру дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 16 ақпанда Ш.Данбай Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада. 

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. 


Танымал саясаткер Дариғаны әкесінің қызы болғаны үшін жазалау дұрыс емес екенін айтты
Еліміздің бірқатар кен орны аукционға шығарылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу