Айгүл Иманбаева «Ең алғашқы» бағдарламасында «күйеуімен» сұхбат берді (видео)

Oinet.kz 29-04-2021 3096

Танымал әнші Айгүл Иманбаева "Ұят болмасын" бағдарламасында "күйеуінің" образын сомдаған актер Жалғас Толғанбаймен бірге сұхбат берді. Актриса екеуін осы бағдарламадан кейін күйеуі мен әйелі деп атап кеткенін жасырмады. Бұл туралы ол "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты. 

Жалғас пен Айгүл.jpg

- Жалғас Анар екеуі үйленгенде мен қыз жолдас болғанмын. Жалпы студенттік досымыз ғой. Екеуіміз түсірілім алаңында сен күйеуің, сен әйелің деп екеуміз сол кезде күйеуі мен әйелі болдық - деді Айгүл Иманбаева. 

Әншінің бұл сөзін актер Жалғас Толғанбай да растады.

- Айгүл қалай келгенін мен білмеймін енді. Бір-бірімізді бұрыннан танимыз, доспыз. Айгүл сөзінің басында айтты ғой мен үйленген кезде Айгүл қыз жолдас болды. Біз 94 жылдан бері бір-бірімізді жақсы танимыз. Мен 97 жылы театрға жұмысқа кірдім. Күндердің бір күні "Ұят болмасын" бағдарламасына шақырды. Ата мен келін арасындағы сыйластық туралы екен. Келін болғаннан кейін күйеуі болу керек қой енді, Айгүлге енді әдемі күйеу керек қой. Бағыма қарай мен бұйырып, содан келдім. Сондықтан, Бекжан, Серік ағаларымызға, Айгүлге рақмет айтамын - деді  актер Жалғас Толғанбай.

Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастығы күшейеді
«Бұл билік қазақтың санымен ойнап жүр» - Мұхтар Тайжан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу