«Бұл билік қазақтың санымен ойнап жүр» - Мұхтар Тайжан

Oinet.kz 29-04-2021 1091

Бұл билік Қазақстандағы қазақтың санымен ойнап жүр. Бұл туралы қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Facebook парақшасында жазды.

Мұхтар Тайжан.jpg

- Соңғы статистикалық деректер жарияланып, онда ұлты қазақтардың үлесін қайтадан 69% етіп көрсетіп қойыпты. 2009 жылғы санақта қазақтың үлесі 69% болған еді, сосын қателесіп қалыппыз деп алдымен 65%-ға дейін, кейін тіпті 63%-ға дейін төмендетіп қойған еді. Енді міне, қазақтың үлесін 69%-ға қайта жеткізіп қойыпты. Марқұм Мақаш Тәтімовтың дерегі мен болжамына сәйкес, 2009-шы жылы қазақтар расымен де 69% болған, ал 2020 жылы 80% болуы тиіс еді. Қазір елдегі қазақтың үлесі 80 пайыз екені былай-ақ көзге көрініп тұр ғой. Айтпағым, мен бұл демографиялық деректерге сенбеймін, қазақ қайтадан 69% болып қалды дегендері өтірік, - деп жазады ол.

Айгүл Иманбаева «Ең алғашқы» бағдарламасында «күйеуімен» сұхбат берді (видео)
​«Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінде» үшжақты комиссияның отырысы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу