Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты
Аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты. Қылмыстық істі Алмалы аудандық соты қарастырып жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Қандай жаза тағайындалса да мен шетелге шығуға мүмкіндік беруді сұраймын, себебі мен елімнің намысын қорғаймын, - деді Қуат Хамитов.