Навальныйдың бауыры мен серіктесі ұсталды

Oinet.kz 28-01-2021 841

Ресейде Алексей Навальныйдың бауыры Олег пен серіктесі Любовь Соболь ұсталды. Олардың ұсталғаны туралы 28 қаңтарда белгілі болды. Қазір екеуі де Мәскеудің Петровка көшесінде орналасқан уақытша ұстау изоляторында отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Навальный.jpg

Олег Навальныйдың ұсталғаны туралы "Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорының" директоры Иван Жданов хабарлады.

- Олег Навальный ІІМ Мемлекеттік тергеу басқармасында 91-бап бойынша 48 сағатқа ұсталды. Бұл оның қазір іс бойынша күдікті екенін де білдіреді, - деп жазды Жданов Twitter желісінде.

РФ ҚПК-нің 91-бабы - "Күдіктіні ұстау негіздері".

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қорының заңгері Любовь Соболь санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу бабы бойынша ұсталды. Бұл туралы оның қорғаушысы Владимир Воронин хабарлады.

- Любовтан түнгі жауап алудан кейін ұстау және Петровка, 38-дегі уақытша ұстау изоляторына қамау жалғасты, - деп жазды Воронин Twitter желісінде.

Ол РФ Қылмыстық кодексінің 1-бабы 236-бөлігі "санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу" бойынша ұсталғанын айтты. Воронин қазір Алексей Навальныйдың інісі Олег көрші кабинетте екенін және одан сұрау алынып жатқанын да атап өтті.

«Келесі пандемия COVID-19-дан он есе нашар болуы мүмкін» - Билл Гейтс
Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу