Трамп, Навальный және Маск әлемдегі ең ықпалды адамдар тізіміне енді

Oinet.kz 16-09-2021

Time журналының нұсқасы бойынша "2021 жылдың ең ықпалды 100 адамы" тізімі жарияланды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

image.png

Рейтинг бірнеше категорияны қамтиды: "Титандар", "Жаңашылдар", "Өнер қайраткерлері", "Көшбасшылар" және "Кумир".

Биыл "Көшбасшылар" қатарында - ДСҰ басшысы, Иран президенті, Италия мен Израиль премьер-министрлері, Сальвадор президенті, Ауғанстан премьер-министрінің орынбасары міндетін атқарушы Барадар. Екінші жыл қатарынан бұл санатқа Си Цзиньпин, Байден, Трамп, Моди кірген.

Time нұсқасы бойынша, "Титандар" тобына Apple бас директоры Тим Кук, америкалық спортшылар Симон Байлз, Эллисон Феликс және т.б. енген. 

Әнші Билли Айлиш пен Флойдтың отбасының адвокаты Бен Крамп "Жаңашылдар" санатында тұр.

"Өнер қайраткерлері" санатына Омар Си, Скарлетт Йоханссон, Кейт Уинслет кірген.

"Кумир" - ханзада Гарри мен оның әйелі Меган Маркл, теннисші Наоми Осака, әнші Бритни Спирс және т.б. Бұл санатта Навальный орыс ұлтынан жалғыз өкіл.

"Өнертапқыштар" - Илон Маск, General Motors Company бас директоры Мэри Барра және т.б.

Былтыр АҚШ-тың Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаучи мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус "100 ықпалды адам" тізіміне енген болатын.

Соңғы тәулікте 3 343 адамнан коронавирус анықталды
Тәліптер Ауғанстан әуе күштерінің бұрынғы офицерін өлтірді


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×