Байден Ресейге ескерту жасады
АҚШ президенті Джо Байден Алексей Навальный түрмеде өлсе, Ресейдің басқа елдермен де қарым-қатынасы бұзылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz Риа Новостиге сілтеме жасап.
Америка басшысының сөзінше, ресейлік оппозиционер өлетін болса бұл Ресейде адам құқығы сақталмайтынының тағы бір дәлелі болады.
- Бұл трагедия болады, - деді Байден Брюсселде өткен баспасөз конференциясында.
АҚШ президентінің сөзінше, "бұл басқа елдермен қарым-қатынасқа да кері әсерін тигізеді".
- Менімен де, - деді Байден.