Навальный түрмеде аштық жариялады
Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный түрмеде аштық жариялады. Бұл туралы ол Instagram парақшасына жазды.
Оның сөзінше, дәрігерді шақырып, дәрі алуға құқығы бар.
- Бірақ екеуіне де рұқсат бермей жатыр. Арқамдағы ауырлық аяғыма өтті. Оң аяғым, енді сол аяғым сезімталдығын жоғалтты. Медициналық көмек берудің орнына ұйқымды бұзып қинап жатыр, - деген саясаткер.
Навальный заң талаптарын орындату үшін аштық жариялайтынын мәлімдеді.