Түркістан облысында 7 аурухана салынып жатыр

Oinet.kz 20-01-2021 730

Түркістан облысында 7 емдеу мекемесі салынуда. Былтыр басталған құрылыстарға бюджеттен 78,5 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов айтты.

image.png

Суретте Марат Пашимов

– Сонымен қатар, 8 нысанды күрделі жөндеуге 1,2 млрд. бөлінген. Оның 6-ында құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2,4 млрд теңге бөлініп, 1 компьютерлік томограф, 26 желдеткіш және тағы басқа да медициналық құрылғылар сатып алынды,  – деді Марат Орынбасарұлы Қоғамдық денсаулық басқармасының кеңейтілген алқа отырысында.

Облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың тқрағалығымен өткен алқа отырысында басқарманың 2020 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, перспективалары талқыланды.

Түркістан облысының ауруханалары интернетпен толық қамтылған
Түркістан облысында жағдай тұрақты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу